Астанада Динара Сәдуақасованың кітабының тұсауы кесілді

(5 декабря 2018) Халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованың қазақ тілінде жазылған «Шахмат ойнап үйренейік» атты шахмат бойынша алғашқы кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.

Қазақстанда халықаралық шахмат техникасын әлемдік чемпионаттар мен халықаралық турнирлерді пайдалана отырып көрсететін қазақ тілінде оқу құралдары жоқ. Кітаптың ерекшелігі де осында. Сондай-ақ, кітапта кейінгі кезеңдердің шахмат алфавиттері берілген.

Оқулықта шахматтармен танысу, тарих, ережелер, тактика, тапсырмалар, тапсырмаларға жауаптар, ойын барысындағы мінез-құлық ережелерін білу дағдылары қарстырылған.

Кітап Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру  қорының және Қазақстандық шахмат федерациясының қолдауымен шығарылды. Динара 2014 жылы «Шахматта алғашқы қадамдар» атты алғашқы кітабын шығарды. 

Кітаптың авторы Динара Сәдуақасова — шахматтан төрт мәрте әлем чемпионы, 2018 жылдың тамыз айында әлемдік рейтингінде 12-ші орынға ие болған әлемнің ең мықты шахматшыларының бірі.

Гроссмейстердің айтуынша, оның ең маңызды жаһандық мақсаты — Қазақстан мен Орталық Азияда шахмат ойынын әйгілеу. Тұрақты турнирлер мен шахмат ойындары сессияларын өткізуін, кітап жазу себебін Динара бүгінгі күні шахмат -  бизнес-күрес үлгісінің бірі екенімен түсіндіреді. Жеңіске жету мен жеңілудің дұрыс дағдысын білу, міндетті түрде оқып тұжырым жасай білу — адамның жеңіліске деген дұрыс көзқарасын мен мақсат қою рухын қалыптастырады.

Бәсекеге қабілетті және интеллектуалды дамыған жастарды қалыптастыру үшін, уақытша қысыммен логикалық мәселелерді шешуге, миларын жаттықтыруға, жадты жақсартуға және қазіргі әлемдегі тиімділікті арттыруға үйрену үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл ретте шахмат ойындары көмектеседі.

ЮНИСЕФ-тің Адал ниет елшісі ретінде оның әлеуметтік бағдарламасының міндеттері жаһандық мақсаттарына негізделген. Бір жыл ішінде Динара Қазақстандағы балаларды және жастарды дамытуды қолдау бойынша халықаралық ұйыммен бірге: шахмат ойнау бойынша турнирлерді, бір мезгілде ойнау сеанстарын және шеберлік сыныптарын өткізді.

Сонымен қатар белгілі шахматшы балалар мен жастар арасындағы шахмат ойынын танымал ету мақсатында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде жұмыс атқаруда. Биылғы жылы Астана, Атырау облысы, Павлодар, Ақтау қалаларында бір мезгілде ойындар, шеберлік сағаттары және турнирлер өткізді. Желтоқсан айының екінші онкүндігінде Қызылорда және Түркістан қалаларында өткізу жоспарлануда.

2019 жылдың басында Атырауда Динара Сәдуақасова атындағы шахмат академиясының ашылуы жоспарлануда. Мектеп аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған тегін сабақтар өткізеді. Биылғы жылдың 22 желтоқсанында Астанадағы Академияның ресми ашылуы өтеді. 2019 жылдың сәуір айында республикалық студенттік турнир Астанада өтеді деп жоспарлануда.

bnews.kz

Добавить комментарий

bn-of-rt bn-uslugi bn-ufms bn-anrussia bn-prch