(1 декабря 2016) ҚазАқпарат — Қазақстан Тәуелсіздігімен байланыстырылатын бірқатар маңызды даталар бар. Соның бірі — 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні. Бұл күн несімен құнды? Осыдан 25 жыл бұрын 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан халқы өз басшысын сайлаған күн.
Осылайша, қазақ халқы өз билігін, өз тізгінін қолға алды. Ғасырлар бойы қазақ халқының асыл арманы болып келген Тәуелсіз Қазақстанды құру жөніндегі ата-бабаларымыздың тарихтан жеткен аманатын орындауға мүмкіндік туды. Халықтың бірауыздылықпен қолдаған сенімін арқалап, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл қадам бастырды. Соның ең маңызды асуы — Тәуелсіздік болатын.
Егемендік шежіресінде 1 желтоқсанның тарихи маңызды дата екенін ескерген ел Парламенті Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай, 2011 жылы арнайы заң қабылдап, онда Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке деңгейінде белгілеген еді. Егемен елдің айтулы датасына айналған осынау күннің маңызы қандай? 1991 жылдың 1 желтоқсаны — Қазақстанның Тәуелсіздік тарихындағы ерекше дата. Өйткені дәл осы күні Қазақстан халқы жалпыұлттық сайлау барысында ел тағдырын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолына сеніп тапсырған еді. Қазақстан Республикасындағы тұңғыш рет демократиялық негізде жүзеге асқан бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде егемен Қазақстанның негізін салушы — Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың басым көпшілігі Елбасын жақтап дауыс беріп, Мемлекет басшысы ретіндегі сенімін Н. Назарбаевқа жүктеді. Расында бұл сайлау халық үшін аса жауапты кезеңде өтті. Өйткені, бұл «мызғымас» делінетін Кеңестер Одағының ыдырап, егемендіктің ауылы жақындап келе жатқан тұс болатын. Ал ондай өтпелі кезеңде елдің тізгіні жауапты тұлғаның қолында болуы тиіс еді. Тізгінді қолға алған күні-ақ Елбасы қазақстандықтарға алдағы өмірдің жеңілге түспейтіндігін, бірақ жақсы күндерге бірлік пен татулық, іскерлік пен қабілеттілік арқылы жетуге болатынын ашып та айтқан еді. Кейіннен халық та өзінің сонау жылы желтоқсандағы сайлауда жасаған таңдауы алдамағанына талай рет куә болды, әлі де куә болып келе жатыр.
1991 жылдың 1 желтоқсаны.Бұл күн Қазақстан тарихында қалай өрбіп еді?
Тәуелсіздік тарихындағы осы датаның маңыздылығын Елбасының естеліктерінен де еске түсіруге болады. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Тәуелсіздік шежіресіндегі үш шешуші тарихи белесті айрықша маңызды және елеулі деп есептейді. Оның біріншісі — Қазақстанның тұңғыш абсолютті егемен мемлекеттік актісі — Семей полигонын жабу туралы Жарлық. Өйткені, осы сәттен бастап Қазақстанның бүкіл аумағында тек бір ғана юрисдикция — қазақстандықтардың өздерінің және туындап келе жатқан егемен Қазақстан мемлекетінің ерік-жігерінің іс-қимыл жасайтынын білдірді.
«Екінші белес — 1991 жылдың 1 желтоқсанында біздің халқымыздың бүкіл тарихында алғаш рет өткен жалпыға ортақ Қазақстан Президенті сайлауы. Бұл оқиғаның тарихи мәні мен патриоттық құндылығы көзге ұрып тұр және ешқандай талас тудырмайды. Бұл күні Қазақстан халқы биліктің шынайы қайнар көзі болудағы, билікті қалыптастырып, оның саясатын айқындаудағы өзінің егемен құқығын алғаш рет жүзеге асырды. Алғашқы президенттік сайлауға 8 778 726 сайлаушы немесе азаматтардың жалпы санының 88,23%-ы қатысты. Бұл сол кезеңде 10 миллиондай адамды құраған Қазақстанның бүкіл ересек халқының басым көпшілігі», — дейді Елбасы Н. Назарбаев. Президенттің пайымынша, 1991 жылдың 1 желтоқсаны — бұл Қазақстан халқы біздің мемлекетімізді басқару түрі туралы мәселе бойынша тарихи шешім қабылдаған күн. Бұл күшті президенттік биліктегі республика пайдасына жасалған бірегей таңдау болатын.
«Сол бір күрделі уақытта өмір қисынының өзі бүкіл атқарушы билік үшін ғана емес, сонымен бірге күрделі өтпелі кезеңді бастан өткеріп жатқан бүкіл қоғам үшін де жұмылдырушылық бастауды талап етті. Ескі тоталитарлық жүйе келмеске кетіп, басқарудың жаңа институттары пайда болды. Кезек күттірместен нарықтық реформаларды жүргізу, тіпті азық-түлікпен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, қалалар мен ауылдардағы өмір қауіпсіздігі сияқты қарапайым мәселелердің өзінде адамдар тұрмысын қалыпқа келтіру міндеті барынша бой көтерді. Осындай жағдайда Республика Президенті лауазымын енгізу ел дамуында маңызды тұрақтандырушы факторға айналды.
Президентті жалпыхалықтық сайлау халық пен мемлекеттік биліктің бірлігін нығайтты, ал соңында Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюының бүкіл үдерісінің сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етті», — деп еске алады Нұрсұлтан Назарбаев. Сөйтіп, Мемлекет басшысының айтуынша, іс жүзінде, 1991 жылдың 1 желтоқсанындағы сайлау, бір мезгілде, басқару формасы, Қазақстанның бірлігі, егемендігі мен тәуелсіздігі туралы жалпыхалықтық референдумға айналды. Сол тұстағы қарбалас үдерістерге толы оқиғаларға тоқталған Мемлекет басшысы іс жүзінде, осы жағдайлардың бәрі өз Тәуелсіздігі жолымен бара жатқан Қазақстанның өзіндік халықаралық тұсаукесері іспетті болғанын айтады. Бүтіндей алғанда бұл Қазақстанның бүкіл экономикалық, ішкі және сыртқы саяси кеңістігін жеделдете егемендендіру үдерісі болды.
«Бірақ кейбір өзге республикалар лидерлері сияқты біз жауапкершіліксіз талаптарды көлденең тосып, сол арқылы халықты босқа дүбірлеткен жоқпыз. Біз оның қайда апарып соқтыратынын анық түсіндік және көрдік — олар қантөгіс, ағайынаралық жауластық, түбегейлі және экономикалық коллапс. Оған қоса біз «жан-жаққа қашып жатқан» одақтас республикалармен берік экономикалық байланыстарды сақтауға деген үмітті үзген жоқпыз, ыдыраған Одақ орнында нағыз тең құқықты ортақ экономикалық кеңістік құру үшін жұмыс істедік. Және сонымен бір уақытта Қазақстанның толық егемендік алуға деген бағыты бұлжымас және күмәнсіз болатын. Мен бүкіл халықтың қолдауынсыз бұл саясаттың мүмкін емес екенін түсіндім, және сондықтан да 1991 жылдың қазанында нормаларына Мемлекет басшысын бүкіл сайлаушылардың жаппай дауыс беруі арқылы сайлау туралы норманы қоса отырып «Президент сайлауы туралы» жаңа заң қабылдауды ұсындым», — деп еске алады Елбасы Н. Назарбаев Тәуелсіздік туралы естелігінде.
Сөйтіп, Президент көтерген осы ұсыныс сол кездегі парламенттің тиісті шешімімен ресімделеді. Соның нәтижесінде жалпыға ортақ сайлау 1991 жылдың желтоқсанының бірінші күніне белгіленді. «Енді ғана қабылданған жаңа заңға сәйкес парламент менің кандидатурамды Президент лауазымына ілгерілетті. 1991 жылдың қарашасында өткен алғашқы бүкілхалықтық сайлау науқанын еске түсіре отырып айтарым, менің «қарсыластарым» кілең мықтылар еді. Бірақ олар нақты саясаткерлер деңгейіне көтерілгендерден емес-тін. Бұл айқындықтан тыс, бірақ сол қиын кезеңде қалыптасқан күрделі ауандағы өте ықпалды себеп болатын», деп еске алады Елбасы. Бұдан әрі Мемлекет басшысы сол жылдардағы сайлау науқанына дайындық барысында бір ай ішінде іс жүзінде Қазақстанның барлық өңірлерін аралап шыққанын, Қарағандының, Жезқазғанның, Өскеменнің кеншілерімен және металлургтерімен, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының тұрғындарымен кездескенін айтады.
«Мен жаңа, сол кезде енді ғана игеріле бастаған Теңіз кен орны нысандарында болып, олардың жұмысшыларымен жүздестім. Орал өңірі мен Алматы облысының ауылдық аудандарында болдым. Семей, Курчатов және Павлодар тұрғындарымен кездестім. Біздің астықты орталықтарымыз — Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарын араладым. Мәдениет және өнер қайраткерлерімен, ғылым және шығармашылық интеллигенция өкілдерімен кездесулер өткіздім. Қазақстандықтармен осындай тікелей тілдесулер барысында мен халықтың кең қолдауын, оның тарихтың кез келген сынақтарына жариялы және лайықты түрде жауап беруге деген ортақ тілегін, біздің көпұлтты Қазақстанда келісім мен бейбітшілікті сақтауға деген ұмтылысын, ортақ Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолында жұмыс істеуге деген құлшынысын көрдім. Сол алғашқы сайлаулардағы менің сенім білдірілген адамдарыма ризамын. Олар менің шынайы серіктестерім және пікірлестерім болатын», деп жазады Елбасы.
«Дауыс беру қорытындыларын қандай толқыныс үстінде күткенім есімде. Және бұл толқыныс ертеңгісін дауыс берудің алдын ала нәтижелері жарияланған кезде тек күшейе түсті. Менің кандидатурам үшін 8 681 276 сайлаушы, немесе барлық азаматтардың 98,78 пайызы өз дауыстарын берді. Бұл абсолютті жеңіс еді! Барлық халықтың жеңісі болатын! Бірліктің талас-тартыс қатерінің алдындағы жеңісі еді! Бұл егемен Қазақстанның жаңа жеңісі болатын! Бірақ, тіпті, сайлаудың алғашқы нәтижелері жария етілген сол минутта бар-жоғы екі аптадан кейін Қазақстанның толықтай тәуелсіз мемлекет болатынын ешкімнің де болжай алмағаны анық», деп еске алады Нұрсұлтан Әбішұлы. Кейіннен 1991 жылдың 10 желтоқсанында Н. Назарбаевтың ел Президенті лауазымына кірісуінің ресми салтанаты өтті.
«Мен 1991 жылдың 1 желтоқсанындағы сайлау қазақтар, орыстар, украиндар, корейлер, немістер, ұйғырлар мен басқа да этностардың — «біздің республикамыздың бүгіні мен болашағы үшін бір команда болуға шешім қабылдағандардың барлығы» бауырластық қоғам қалыптастыруға негіз қалағандарын атап өттім. Енді маған алдағы мәселелердің барлығын шешімді іс-қимыл таныта және барлық халықтың абсолютті қолдауына сүйене отырып шешуге болатын еді. Сол күні менің ұсынысым бойынша біздің мемлекетімізді жаңаша — Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылданды. Ал алты күн өткен соң, барлық халықтың еркіне орай, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Бұл тарихта біздің халқымыздың жұлдызды күні ретінде қалады», — деп жазады Н. Назарбаев.
Осыдан-ақ 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен Тұңғыш Президент сайлауының Тәуелсіздік тарихындағы ең шешуші белестердің бірі болғанын аңғарамыз.
День Первого Президента — дань уважения Лидеру нации Нурсултану Назарбаеву.
Начиная с 2012 года в Казахстане отмечается важный праздник — День Первого Президента. Праздник был учрежден Законом «О внесении дополнения в закон РК «О праздниках в Республике Казахстан», принятым Сенатом 14 декабря 2011 года.
Текст закона был очень краток: «Статья 1. Внести в Закон Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года «О праздниках в Республике Казахстан» следующее дополнение: статью 3 дополнить абзацем девятым следующего содержания: «День Первого Президента Республики Казахстан — 1 декабря». Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его подписания».
Проект Закона был внесен группой депутатов Парламента, один из которых, сенатор Анатолий Башмаков сказал в ходе того исторического заседания Сената: «Именно в это день был избран Первый Президент, был установлен институт президентства Республики Казахстан, оказав неоспоримое влияние на весь ход и развитие нашей государственности. Отдадим должное этому», — сказал депутат сената Анатолий Башмаков на заседании палаты.
Дата 1 декабря является одной из важнейших в новейшей истории Казахстана, ведь именно в этот день в 1991 году впервые на всенародных выборах был избран Президент Казахской ССР — Нурсултан Абишевич Назарбаев, за которого отдали свои голоса 98,7 процента избирателей. До этого Н.Назарбаев был избран на этот пост Верховным Советом Казахской ССР 24 апреля 1990 года.
Первые всенародные президентские выборы стали историческим актом общеказахстанского единства. Можно сказать, что 1 декабря 1991 года народ нашей страны сделал решительный и однозначный выбор в пользу президентской формы правления. Избрание на этот пост такого сильного и авторитетного политика, который прошел все ступени карьерной лестницы в непростых условиях советского тоталитарного строя — Нурсултана Назарбаева, оказалось важным стабилизирующим фактором для развития страны.
Всему казахстанскому обществу в тот сложный период требовалась консолидирующая сила. И этой силой стала мудрая и взвешенная политика Первого Президента, реализация которой привела к формированию уникальной казахстанской модели развития. В тех условиях введение института президентской власти в Казахстане было необходимым, чтобы сделать политическую систему республики более устойчивой и управляемой. Во время инаугурации 10 декабря Н.Назарбаев дал клятву Президента Республики Казахстан — верно служить народу многонациональной республики, строго следовать Конституции Республики Казахстан, гарантировать права и свободы граждан, добросовестно выполнять возложенные на него обязанности Президента Республики Казахстан.
Достижения страны за 25 лет суверенного развития убедительно показывают, что выбор народа был правильным — Президент Н.Назарбаев полностью выполнил свою клятву, он отдал и отдает все силы строительству нового, сильного и независимого Казахстана.
День Первого Президента отмечается, как признание выдающихся заслуг Н.Назарбаева перед народом Казахстана. В первые же дни после избрания Н.Назарбаев подписал закон о переименовании Казахской ССР в Республику Казахстан. А через две недели после выборов — 16 декабря 1991 года, — Верховный Совет республики провозгласил государственную независимость Казахстана, что означало провозглашение Казахстана суверенным государством.
Первый Президент-Лидер нации Н.Назарбаев всегда уделял первоочередное внимание поддержанию мира и согласия в казахстанском обществе. Казахстанская модель национального единства и межэтнической толерантности сегодня стала образцом для многих других стран — и она сложилась благодаря Первому Президенту. Поэтому День Первого Президента можно назвать и Днем единства и толерантности всех казахстанцев.
Проводимая в Казахстане взвешенная внутренняя и внешняя политика обеспечила создание современного, динамично развивающегося государства с социально-ориентированной экономикой. В нашей стране созданы правовые и социально-экономические условия для гармоничного и всестороннего развития граждан, соблюдения их прав и свобод, сохранения межнационального согласия и формирования гражданского общества. Президент Н.Назарбаев всегда подчеркивал, что этнокультурное многообразие Казахстана — это большое преимущество, в котором заложен потенциал развития. Формула общественного единства, казахстанской идентичности разработана на принципах дружбы, толерантности и совместного достижения стратегических целей.
В 2010 году Парламент Казахстана законодательно наделил Президента Н.Назарбаева статусом Первого Президента-Лидера нации. Первый Президент до конца жизни сохраняет властные полномочия, независимо от статуса президента — согласование разрабатываемых инициатив по основным направлениям внутренней и внешней политики государства. Первый Президент-Лидер нации по своему статусу обладает званием «Халық қаһарманы» (Народный герой) с вручением знака особого отличия — Золотой звезды и ордена «Отан». В Уголовный кодекс введена статья, предусматривающая смертную казнь за посягательство на жизнь президента страны, даже если эти действия не приводят к смертельному исходу. Для Первого Президента Республики Казахстан был изготовлен индивидуальный нагрудный знак. В данном знаке в центральном медальоне изображена витая монограмма «НН».
В статье «Первый день новой эпохи Казахстана», опубликованной в «Казахстанской правде» 1 декабря 2012 года, Н.Назарбаев писал: «В моей памяти неизгладимы воспоминания о тех сложных событиях, которые шаг за шагом приближали наш народ к долгожданной свободе. И все же, в хронологии нашего пути к Независимости особо важными и значимыми я считаю три ключевых исторических рубежа, пройденных народом Казахстана в тот судьбоносный период. Первый — подписание Указа о закрытии Семипалатинского полигона — первого абсолютно суверенного государственного акта нашей страны. Он означал, что на всей территории Казахстана с того момента действовала только одна юрисдикция — воля самих казахстанцев и зарождающегося суверенного казахстанского государства. Причем закрытие Семипалатинского испытательного полигона имеет не только общенациональное, но и глобальное значение. День 29 августа сейчас по решению ООН ежегодно отмечается как Международный день борьбы за прекращение ядерных испытаний. Для казахстанцев этот день — аналог первой строки Пролога Великой Хроники Независимости. Второй рубеж — это состоявшиеся 1 декабря 1991 года первые за всю историю нашего народа всеобщие выборы Президента Казахстана. Историческая значимость и патриотическая ценность этого события очевидны и бесспорны. В этот день народ Казахстана впервые реализовал свое суверенное право быть реальным источником власти, формировать власть и определять ее политику».
Третьим рубежом Президент назвал принятие Конституционного закона «О Государственной независимости Республики Казахстан». Это стало главным историческим, незабываемым событием народа Казахстана, который осуществил мечту всех наших предков. Общим трудом всех казахстанцев предстояло создать новую великую страну, которой прежде не было на карте мира.
«Это была задача не двух-трех лет, не одного-двух десятилетий. Перед нами стояла сверхзадача нынешнего и будущих поколений казахстанцев. Могу однозначно сказать, что результаты экономического и социального обвала, скорее всего, были бы еще ощутимее и опаснее, если бы народ не проявил выдержки и не сплотился в единое целое. Если бы наше государство не встало на путь реформ, цель которых благосостояние каждой семьи и страны в целом. Именно поэтому в осенние месяцы 1991 года практически в ежедневном режиме принимались новые законы и указы, юридически оформлявшие суверенитет Казахстана над отраслями экономики, предприятиями, инфраструктурой, внешнеэкономической деятельностью. Таким образом, мы создавали Независимость в условиях катастрофы», — отметил Глава государства.
Отмечая День Первого Президента, казахстанцы ежегодно оценивают пройденный страной нелегкий путь, и отдают дань уважения Лидеру нации.