(25 мамыр 2015) Жергілікті атқарушы органдар жастарды спортпен айналысуға және спорттық орындарды пайдалануға белсенді тартуы тиіс, деп баса айтты бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жастармен кездесу барысында.
«Республикада 35 мыңға жуық спорттық ғимарат жұмыс жасағанымен, оларды тиімсіз пайдалану деректері бар. Қазір дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары, стадионы жоқ аудан орталықтары жоқ. Жергілікті атқарушы органдар спортпен айналысуға жастарды белсенді тартуы тиіс және босқа тұрған спорттық ғимараттар мақсаты бойынша пайдаланылуы керек», — деді Б.Сапарбаев. Вице-премьер атап өткендей, Қазақстанда жастардың тек 13% немесе 320 мың адам жүйелі түрде спортпен айналысады. Жалпы республика бойынша халықтың 25% ғана спортты белсенді. «Өкінішке қарай, бүгінгі таңда жастар арасындағы дене шынықтыру және спорт танымалдығы бойынша компьютерлік ойындар, би кештері сияқты ойын-сауық түрлерінен кейін қалып жатады», — деді вице-премьер. Премьер-Министрдің орынбасары сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар үшін қосымша білім беру мәселесіне назар аударды. «Қазіргі уақытта республикада оқушылардың 24% қосымша біліммен қамтылған. Оған қоса, балалар мен жастардың тек 3% ғана техникалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттағы ұйымдармен қамтылған. Мысалға, жас туристер мен табиғат зерттеушілер станциялары 8 облыста, ал техникалық шығармашылық орталықтары – 5 аймақта жоқ. Жергілікті атқарушы органдар осы бағыттарды дамытуы тиіс», — деп атап өтті Б.Сапарбаев. Бұдан өзге, вице-премьердің пікірінше, жастарды Қазақстан мәдениетін зерттеумен қызықтыру қажет. Ол үшін вице-премьердің тапсырмасы бойынша БҒМ және МСМ бірлескен бұйрығы шықты, соған сәйкес бүкіл Қазақстан бойынша білім ұйымдарында оқитындар музейлерге, театрларға және басқа да мәдени мекемелерге тегін бара алады.
www.primeminister.kz