Перейти к содержимому
РОО «Национально-культурная автономия казахов Республики Татарстан «Казахстан»»

РОО «Национально-культурная автономия казахов Республики Татарстан «Казахстан»»

Основное меню
  • Портал
  • Главная
  • Об организации
    • Руководство
    • Структура
    • Документы
    • Контакты
  • Новости
  • Медиа
    • Видео
    • Фото
  • Гостевая
  • Главная
  • Новости
  • Вице-премьер Б.Сапарбаев әкімдерге жастарды спортпен айналысуға белсенді тартуды тапсырды

Вице-премьер Б.Сапарбаев әкімдерге жастарды спортпен айналысуға белсенді тартуды тапсырды

admin 25.05.2015

(25 мамыр 2015) Жергілікті атқарушы органдар жастарды спортпен айналысуға және спорттық орындарды пайдалануға белсенді тартуы тиіс, деп баса айтты бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жастармен кездесу барысында.  

«Республикада 35 мыңға жуық спорттық ғимарат жұмыс жасағанымен, оларды тиімсіз пайдалану деректері бар. Қазір дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары, стадионы жоқ аудан орталықтары жоқ. Жергілікті атқарушы органдар спортпен айналысуға жастарды белсенді тартуы тиіс және босқа тұрған спорттық ғимараттар мақсаты бойынша пайдаланылуы керек», — деді Б.Сапарбаев. Вице-премьер атап өткендей, Қазақстанда жастардың тек 13% немесе 320 мың адам жүйелі түрде спортпен айналысады. Жалпы республика бойынша халықтың 25% ғана спортты белсенді.  «Өкінішке қарай, бүгінгі таңда жастар арасындағы дене шынықтыру және спорт танымалдығы бойынша компьютерлік ойындар, би кештері сияқты ойын-сауық түрлерінен кейін қалып жатады», — деді вице-премьер. Премьер-Министрдің орынбасары сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар үшін қосымша білім беру мәселесіне назар аударды. «Қазіргі уақытта республикада оқушылардың 24% қосымша біліммен қамтылған. Оған қоса, балалар мен жастардың тек 3% ғана техникалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттағы ұйымдармен қамтылған. Мысалға, жас туристер мен табиғат зерттеушілер станциялары 8 облыста, ал техникалық шығармашылық орталықтары – 5 аймақта жоқ. Жергілікті атқарушы органдар осы бағыттарды дамытуы тиіс», — деп атап өтті Б.Сапарбаев. Бұдан өзге, вице-премьердің пікірінше, жастарды Қазақстан мәдениетін зерттеумен қызықтыру қажет. Ол үшін вице-премьердің тапсырмасы бойынша БҒМ және МСМ бірлескен бұйрығы шықты, соған сәйкес бүкіл Қазақстан бойынша білім ұйымдарында оқитындар музейлерге, театрларға және басқа да мәдени мекемелерге тегін бара алады.

www.primeminister.kz

Продолжить чтение

Назад: Ықпалдастық мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысында ЕЭК және ТМД ҮБК отырысының күн тәртібі талқыланды
Далее: В Кызылорде построят домостроительный комбинат стоимостью 1,55 млрд тенге


ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КОНСУЛЬСТВА
КАЗАХСТАНА В ТАТАРСТАНЕ

ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ
ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 


bn-of-rt bn-uslugi bn-ufms bn-anrussia bn-prch
 ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ
© РОО «Ассамблея народов Татарстана» Тел.: 8 (843) 237-97-99 E-mail: an-tatarstan@yandex.ru
ГБУ «Дом Дружбы народов Татарстана» Тел.: 8 (843) 237-97-90 E-mail: mk.ddn@tatar.ru
420107, г. Казань, ул. Павлюхина, д. 57